Мемлекеттік органдардың шетелдік автокөліктерді сатып алуға жоспарланған қаражаты қысқартылды - К. Мәсімов

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат  - Мемлекеттік органдардың шетелдік автокөліктерді сатып алуға жоспарланған қаражаты қысқартылды. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП партиясының кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
None
None

«Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өтілген сыны ағымдағы бюджетті нақтылау барысында ескертілді. Осыған орай Президенттің айтқан сынын қаперге ала отырып, Үкімет экономикалық өсім мен жұмыспен қамту шараларын қамтамасыз етпейтін шығыстарды 25,6 млрд. теңгеге оңтайландырды. Оның ішінде көп шығынды, іс-шаралар атап айтқанда салтанатты жиындар, конференциялар, парадтар мен кездесулерге қатысты шығын қысқартылды. Ал мемлекеттік органдардың шетелдік автокөліктер сатып алуға жоспарланған қаражатына тосқауыл қойылды», - деді К. Мәсімов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы бюджеттік саясатты жүзеге асыру барысында бюджет заңнамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының қатаң сақталатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар