Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарындағы 129 көрсеткішке қол жеткен жоқ - Есеп комитеті

«Қаржылық есептіліктің сараптамалары көрсеткеніндей 13 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджет қаражаттарын тиімсіз басқаруға жол берген. Осының өзі стратегиялық жоспарлар бойынша түпкі нәтижеге қол жеткізуде жағымсыз әсер етті. Жалпы есепті кезеңде 129 көрсеткіш бойынша қолжетімділік қамтылмады», - деді А.Мусин. Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру жұмыстарын бағалау барысында да бірқатар жүйелі проблемалар орын алған. «Біріншіден, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың тікелей экономикалық нәтижелерін жоспарлаудың сапасы төмен. Екіншіден, стратегиялық жоспарлардың сапалы көрсеткіштері бюджет жүйесінің қағидаттарына сай келмейді. Үшіншіден - республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылаумен байланысты мемлекеттік органдар өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізбеген», - дейді Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин.