Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы- Павлодар облыстық әкімдігіндегі отырыс тақырыбы
Отырыста Павлодар ауданында және қалалық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы мониторингінің нәтижесі қаралды. Мониторинг көрсеткендей, бірқатар жерлерде мемлекеттік рәміздер бекітілген стандарттарға сай емес. Бұл әсіресе ауылдық мекемелерге тән. Бүгінде барлық ескертулер жойылды, алайда Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметшілерді бұл мәселеге ерекше назар аударуға шақырды.
Б.Сағынтаев сондай-ақ мәдениет басқармасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметін сынға алды. Облыс әкімінің байқауынша, бұл бағыттағы жұмыс тек Павлодарда жүргізілуде, ал селолық округтар назардан тыс қалуда.
Отырысты қорытындылаған аймақ басшысы облыстық комиссияның барлық мүшелеріне өз қызметтерін жандандыруды тапсырды. Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай отырыстарды ай сайын өткізуді ұсынды.