Мемлекеттік сатып алулардың ауқымында отандық фармацевтикалық өндірістердің үлесі артып келеді - Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы

анның 30-ы. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Экономиканы жаңарту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысын өткізуде. Мәжілісте елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы фармацевтикалық кешенді дамыту туралы мәселе сөз болды.
None
None

Мемлекеттік сатып алулардың ауқымында отандық фармацевтикалық өндірістердің үлесі артып келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс пен  «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның жаңа өзгертулерінің арқасында мемлекеттік сатып алулардың ауқымындағы отандық өндірушілердің үлесі алдағы уақытта біртіндеп және сенімді өсетін болады.

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған. Бұл шаралар дәрілік заттардың ішкі нарықта пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық дәрілік заттардың халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар