Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен батысқазақстандық ағайындылар шартты түрде бас бостандықтарынан айырылды

ОРАЛ. 3 тамыз. ҚазАқпарат -  Ресей Федерациясының Волгоград облысы, Палласов ауданы Быков ауылында әртүрлі қызметте нәпақаларын тауып,
None
None

күнелтіп жүрген Жәнібек ауданы Қамысты елді мекенінің ағайынды екі азаматы заңды жалпағынан басып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, көрші елде жұмыс жасап жүріп, ағайынды екеу тексеру пунктін айналып, тікелей шекарадан өтіп, Қамысты ауылындағы туғандарына барып келуге келіседі. Осылайша олар «Палласовка-Быков» бағытындағы автобуспен Қамысты ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Королевка ауылына дейін келіп, тексеру пунктінен тыс,   мемлекеттік шекара сызығын білдіретін, тікенді сыммен қоршалған №316 және 317 шекара белгілерінің арасынан еш құжатсыз Қамысты ауылына тартып отырған.

Басты сот талқысында ағайындылар кінәларын толықтай мойындады. Бұл әрекеттерін олар жеке құжаттарын жоғалтып алғандықтан, шекара асып өтулеріне тура келгендіктерімен түсіндірді.

 Жәнібек аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 330-бабының 2-бөлімі бойынша ағайындыларды кінәлі деп танып, 1 жыл бас бостандықтарынан айыруға, сонымен қатар 63-баптың негізінде жазаларын шартты түрде өтеуге үкім етті.

Соңғы жаңалықтар