Мемлекеттік тіл - халық бірлігінің негізгі факторы - Елбасы Н.Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасының пайымдауынша, біздің қоғам, зиялы қауым мемлекет қазақ тілін дамытуға назар аудармай отыр деген ұсақ, теріс және популистік ой-пікірлерден жоғары болуы тиіс. «Бұл ретте мемлекеттік тілді дамыту кемсітушілікке әкелмеуі тиіс. Біздің азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол берілмейді, оларды құқық қорғау органдары дереу кесіп тастап отыруы керек», деді Президент.
Мемлекет басшысы қазіргі таңда қазақстандықтардың өскін буыны мемлекеттік тілді меңгеруге зор қызығушылық танытып отырғанын атап көрсетті. «Бұны жан-жақты ынталандыру керек. Барлық ата-аналарға рахмет айту қажет. Қазақ тілін орыс тіліне қарсы қою қате. Орыс тілі біздің мәдениетіміздің бөлінбес байлығының бір бөлігі, әлемдік білімнің ауқымды қатпарын танудың, ұлтаралық қарым-қатынастың тілі болған және солай болып қала береді», деді Елбасы.