Мемлекеттік тілді білуге арналған республикалық конкурста Атырау облысындағы Мақат кентінен келген оқушы жеңімпаз атанды

«Тіл - халық жанын танудың кілті» атты конкурс Астанада өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан келген орыстілді жастар өкілдері қатысты. Олар бес конкурстық тапсырмаларды орындады.
Қатысушылардың барлығы да лексикалық-грамматикалық тапсырмаларды орындады, прозалық шығармалардан үзінділер оқыды, қазақ әдебиетінен өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ән салды, би биледі және қазақтың ұлттық аспаптарының бірінде ойнады.
«Мен үшін ең қиыны «Қазақстан: өткені мен келешегі» деген мәтін болды. Мұнда тек қазақ тілін жақсы білетіндігімді ғана емес, тарихқа да жүйрікітігімді, еліміздің келешегі туралы толғана білетінімді көрсетуім керек болды. Конкурста жеңімпаз атанғаныма мен өте қуаныштымын. Бұл менің ғана емес, ұстазым Гүлбаршын Марданованың еңбегі. Ол маған жеңіске жетуде дұрыс жол көрсетті», - деді П.Командикова.