Мемлекеттік тілді меңгерудің жауынгер үшін де маңызы зор - аға лейтенант Роман Абдрахманов

Солардың бірі - Батыс құрамасына қарасты №6656-әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасы командирінің орынбасары, аға лейтенант Роман Абдрахманов.
Батыс құраманың баспасөз хатшысы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлауынша, Орал қаласында дүниеге келген Роман - Ішкі әскерлер әскери институтының түлегі. Әкесі - татар, анасы - орыс. «Менің қазақша сөйлеуіме балдәурен балалық шағымның куәсі болған достарымның, мектептегі жора-жолдастарымның ықпалы өте көп. Қазақ халқының салт-дәстүрін біліп, оларды сақтауға ата-анамның да ықпалы болды», - дейді Роман Абдрахманов.
Роман тіпті, жары Әлия Абдрахмановаға өзінің үйленгісі келетіні туралы ұсынысты қазақ тілінде жасаған. Содан бері жас жұбайлардың күнделікті дастарқан басында айтылатын әңгіме-дүкендері қазақ тілінде өрбиді. Ол күнделікті қызметінен қолы қалт еткенде әскери бөлімге келіп түсетін қазақ тіліндегі мерзімдік басылымдарды, кітаптарды оқып отыруды дәстүрге айналдырған.