Мемлекеттік тілді толық қолданысқа енгізу - басты міндет - БҚО

ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді бұдан да пәрменді қолданысқа енгізу - күн сайынғы міндет. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысында айтылды. Шараны өткізуге ұйытқы болған «Халықаралық Адам институты».
None
None

Басқосуда баяндама жасаған институт президенті Жанұзақ Әкім өркениет биігіне қол созған, әлемдік алпауытқа айналуды мақсат тұтқан әрбір ел, ең алдымен, өз ұлтының менталитетіне сүйеніп, ана тілін дамытқанын атап өтті. «Мәселен, Жапония феномені мен ҚХР-ның дамуын алайықшы. Үндістан мен ҚХР арасында адам саны, діні, тағдыр-тарихы жағынан ұқсастықтар көп. Өзгешелігі тілі мен соған сүйенген ділінде ғана. Яғни Үндістанда біздегі орыс тілі сияқты ағылшын тілі үстем болса (халқының 97 пайызы еркін сөйлейді), ал Қытайда әлемдегі бұл тілді меңгергендер - 5-ақ пайыз. Сол сияқты Еуропаға еліктеп 300 жыл уақытын сарп еткен Ресей тәжірибесі, ғасырлап ұлттық кечуа тілін мемлекеттік тіл жасаймыз деп уәде бергенімен, португалдық менталитеттен арыла алмаған Перу елінің мысалынан, стратегиялық қателіктерінен сабақ алатын кез жетті. 20 жылда мемлекеттік тілді меңгермеген біздің банктер мен кейбір университеттер, министрліктер бүгінгі қоғам дамуына кедергі болуда. Біз оны Елбасы Жолдауындағы: «...Біздің ауылда тұратындардың еңбек өнімділігі батыс елдерінен 20 есе кем» деген тұжырымдамасы мен Кеден одағындағы ЖІӨ Беларусьтен 1,5 есе көп бола тұрса да, Қазақстанның тауар айналымының осы елден үш есе кем болуынан көреміз. Алдағы Тәуелсіздік күніне дейін тоқтаусыз жүргізілетін «Мемлекеттік тілді қолдау» атты акцияның негізгі мақсаты - Отанымыздың барлық жерінде ресми шараларды тек мемлекеттік тілде жүргізуге қол жеткізу», - деді Жанұзақ Әкім.

Басқосуда жиылған әдебиетшілер, тіл жанашырлары өз пікірлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар