Мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау ісін жастардың өзіне сеніп тапсыру керек

«Мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау ісін жастардың өзіне сеніп тапсыру керек»,- деп санайды «Шығармашылық жобалардың орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділ Жұмекенов.
«Тл үйренуді ынталандыру жүйесін жасау - тілді дамытудағы маңызды міндет, дегенмен оны кеңінен насихаттау қажеттілігін де естен шығармау керек. Бағдарлама жобасында: «Мемлекеттік тіл мәртебелі болуы керек, әсіресе жастардың арасында», делінген. Біздің ұйым мемлекеттік тілді кеңінен насихаттайтын әлеуметтік роликтер әзірлеуде, бағдарлама жобасына да өз ұсыныстарымызды енгізіп отырмыз. 20 жасқа дейінгілер электроникамен ойнағанды жақсы көреді. Этникалық мазмұндағы қазақ тілді компьютерлік ойындар жастар арасында мемлекеттік тілді және ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен таратудың пәрменді әдісіне айналар еді», -дейді Ә.Жұмекенов.