08:32, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Мені Н.Назарбаевтың сайлаудан кейін қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту саясатын жүзеге асырумен айналысып кеткені таңғалдырды - Пол Вилле
БРЮССЕЛЬ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бельгиялық сенаторды президенттік сайлаудан кейін қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеңісін тойламай, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту саясатын жүзеге асырумен айналысып кеткені таңғалдырды.
Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Бельгия Парламентінің Құрметті сенаторы, Еуропа кеңесі мен Қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі еуропалық ассамблеяның құрметті мүшесі Пол Вилле (Paul Wille) айтты.
«Мен үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде өткізілген кезектен тыс президенттік сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатыстым. Менің ойымша, сайлау демократиялық үрдісте өтті. Сіздер өздеріңіз де нәтижелерін көрдіңіздер. Мені ерекше таң қалдырғаны, қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің жеңісін тойламай, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту саясатын жүзеге асырумен айналысып кеткені. Біз өзінің халқының әл-ауқатын жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатқан Көшбасшыны қатты құрметтейміз», - деді П.Вилле.