«Менің елім - Қазақстаным!» атты патриоттық әндер концерті өтеді

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 10 тамызында Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдардың І Слеті шеңберінде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипедиясы стипендиаттары қауымдастығының,
None
None

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Менің елім - Қазақстаным!» атты патриоттық әндер мерекелік концерті өткізіледі.

Шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру, жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту. Бұған құрметті қонақ ретінде ХХХ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, миллиондаған қазақстандықтардың көңілінен шыққан «Жаужүрек мың бала» көркем фильмінің шығармашылық тобы қатысатыны жоспарланып отыр. Көрермендер мен қонақтар үшін отандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы қазақстандық авторлардың әндері шырқалады. Концертке Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Ерболат Құдайбергенов, Ибрагим Ескендір, Төреғали Төреали, Асқар Жүнісбеков және «Орда», «Кеш you», «Ringo», «Трио Z» саз ұжымдары қатысады деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар