«Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық пойызы Жамбыл облысының Отар стансысына келді

МБЫЛ ОБЛЫСЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық пойызы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы «Отар» стансысына аялдады.
None
None

Қонақтарды үрлемелі аспаптар оркестрінің әуенімен қарсы алды.

Пойыз құрамында бірге келген ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев жергілікті тұрғындарды құттықтап былай деді: «Биылғы жылы біз мемлекетіміз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеміз, бұл жылдары еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда үлкен нәтижелерге жетті. Біздің пойызымыз халыққа республикамыздың қол жеткен жетістіктерін паш етуге жолға шықты. Біздермен бірге келген әлеуметтік, заңгерлік, медицина салаларының мамандары өз тарапынан халыққа әртүрлі кеңес береді. Ал әртістеріміз халықты ән-жырға сусындатады».

Соңғы жаңалықтар