Мереке қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесудің 17 фактісі және заңсыз тасымалдаудың 3 фактісі анықталды - ІІМ

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Ішкі істер органдары 20-31 желтоқсан аралығында орманды қорғау органдарымен бірлесіп, қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуді, тасымалдауды, сатуды анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Автожолдарда, базарлар мен басқа да сату орындарында бақылауды күшейту мақсатында 366 ұтқыр топтары құрылды. 1285 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде 20 бұзушылық, оның ішінде қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесудің 17 фактісі және заңсыз тасымалдаудың 3 фактісі анықталды. 5 қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Мәселен, ведомствоның атап өтуінше, Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Бобровка ауылында 14 жас майқарағайды заңсыз кесіп тастаған 50 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды. Жалпы ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін 8 әкімшілік хаттама толтырылып, шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар