Мереке күндері ШҚО-да екі адам суға кетті

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Жиырма сегіз жастағы жігіт Жеңіс күнін достарымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Кедровка өзенінің жағасында тойлаған. Алкогольді ішімдіктен масайған күйінде ол қолын жуу үшін суға түскен, кері шегінген кезде суға құлап кеткен. Достары оның жоқтығын өте кеш байқаған», - деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. Оның денесін Риддер ҚІІБ қызметкерлері үш сағат өткен соң судан алып шыққан.
None
None

Бұл демалыс күндеріндегі жалғыз оқиға емес. ШҚО ТЖД хабарлауынша, мамырдың 9-ы күні балықшы Ертіс өзеніне бұрын қойып кеткен торларын тексермекші болған. Резеңкеден жасалған қайық аударылып кетіп, ер адам торға байланып қалған, сондықтан судан жүзіп шыға алмаған. Оның денесін бес сағат өткен соң Семей қаласының СҚҚ қызметкерлері алып шыққан.

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы жылдың басынан бері облыс бойынша 5 адам суға кетіп қаза болған. Екі адамды іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Көбіне мас күйіндегі адамдар судың құрбандары болады. Содан кейін қарапайым сақтық шараларын ескермеген балықшылар суға кетеді.

Соңғы жаңалықтар