Мереке құрметіне солтүстікқазақстандықтарға алғыс хаттар табысталды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Кездесуде еңбегімен көзге түскен солтүстікқазақстандықтар аймақ басшысының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.
None
None

Жиылғандарды облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл халқымыздың бірлігі мен халқымыздың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімін білдіреді. Халықтың тарихи таңдауы өркендеуші және егеменді мемлекет жолында Қазақстанның алға қарай сенімді қадам басуына негіз болды», - деді А.Сапаров.

Елдің дамуына қосқан үлесі үшін 37 солтүстікқазақстандық марапатқа ие болды. Бұл зауыт жұмысшылары, педагогтар, спортшылар, медицина қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар