Мерекелік шеруге 25 мыңнан астам адам қатысуда - Талдықорған

Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыскерлері, қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының, спорттық қоғамдастықтардың өкілдері, студенттер мен оқушылар бар. Ересектердің қолдарында - транспаранттар мен жалаулар, ал балалардың қолдарында шарлар мен жалаушалар.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың айтуынша, Алматы облысында ең көп ұлттың өкілдері тұрады. Өңірде 103-тен астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Пайыздық көрсеткішпен айтар болсақ, олардың 65 пайызы - қазақтар, 17 пайызы - орыстар, 9 пайызы - ұйғырлар, 2 пайызы - түріктер, 1,2 пайызы - әзірбайжандар, бір-бір пайыздан - корейлер мен күрдтер, қалған этностардың саны 1 пайызға жетеқабыл.
Алматы облысында сондай-ақ 71 этномәдени орталық жұмыс істейді.