22:41, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Мерей Медетов байдарка мен каноэде есуден Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді-Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-27-29 мамыр аралығында Чехияның Рачица қаласында байдарка мен каноэде есуден өткен Әлем кубогының екінші кезеңінде қызылордалық Мерей Медетов күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Мерей 200 метр қашықтықта каноэ - екілік бәсекесінде 2-орынға ие болды. Ол - ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спартакиадасының жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Бапкері: ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхитдин Мейірбеков.
Айта кетейік, 20-22 мамырда байдарка мен каноэде есуден Дуйсбургте (Германия) өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде Мерей 4-орынды еншілеген болатын.