Мерзімінде төленбеген салық 81 млрд. теңгеден асып түсті - Қаржы министрі

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мерзімінде төленбеген салық 81 млрд. теңгеден асып түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ел Үкіметінің 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Салық органдарымен мерзімінде төленбеген салықтарды қысқартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мерзімінде төленбеген салық 81,3 млрд. теңгені құрады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, мерзімінде төленбеген салық 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 3,6 есеге қысқарған.

Соңғы жаңалықтар