Металлургтер қаласы - Теміртау өзінің 65 жылдығын тойлауда
«Бүгін біз қала мерейтойын атап өтіп отырмыз, бұл күн біз үшін маңызды, ең алдымен, біздің еліміздің Президентінің еңбек және саяси биографиясы осы қаладан басталған. Біз осыны мақтан тұтамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Магниткасына келуі, металлургия комбинатындағы ұзақ жыл жұмысы тек осы кәсіпорын мен Қарағанды облысының дамуының маңызды кезеңі болған жоқ, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның да даму сатысы болды», - деп атап өтті осы атаулы күнге арналған салтанатты шара кезінде сөйлеген сөзінде Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.
Айта кету керек, теміртаулықтар үшін мерейтойға арналған тамаша сыйлық - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткізілген мұз сарайының ашылуы болды. Бүгін жаңартылған сарайда шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты аясында «Арыстан» мен «Барыс-2» командаларының ойыны өткізіледі. Кешке қарай мерекелік іс-шаралар тамаша отшашуға ұласады.