«Мигрант» іс-шарасы барысында 616 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы аумағында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңын сақтамаған 616 шет ел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында елімізде көші-қон заңын аяқасты еткен 596 азамат - ТМД елдерінен, 14-і алыс шет ел өкілдері болып отыр. Олардың дені уақытылы тіркеуден өтпеген, тіркелген жерде тұрақтау заңдылығын сақтамаған. Шара нәтижесі бойынша 30-дан астам шет ел азаматы елден аластатылды. Сонымен бірге шет ел азаматын заңсыз жұмысқа тартуға жол берген 100 жергілікті жұмыс беруші жауапкершіліктен құтыла алмады. Зеренді ауданында 10 Армения өкілі сәуір айы бойы заңсыз жұмыс істеп келген. Олар жалған құжат толтырып, жұмысқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар