«Мигрант» операциясының барысында 46 шетелдік ҚР аумағынан шығарылды

АҚТӨБЕ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының аумағында өтіп жатқан «Мигрант» республикалық шұғыл-алдын алу іс-шаралары басталғаннан бері 169 шетелдік азамат ұсталды, олардың 46-сы сот шешімімен республика аумағынан шығарылды.
None
None

Бүгін облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі өкілінің хабарлағанындай, Түркияның екі азаматы және Қытайдың екі азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа қабылдағаны үшін 11 жұмыс беруші жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар