«Мигрант» шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 89 келімсек анықталды - Ақмола облысы

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы аймақтағы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күн ішінде 200-ге жуық нысан тексерілген. Атап айтқанда пәтерлер, жеке тұрғын үйлер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары және құрылыс нысандары қамтылды.

Шара нәтижесінде өңірдің көші-қон полициясы шетел азаматтарының келу тәртібін бұзу бойынша 89 жайтты анықтаған. Өзбекстанның 87 азаматы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 394 бабына сәйкес жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар