Миланда «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы бірнеше мемлекетпен келісімге келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Милан қаласына ресми сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов пен «ЭКСПО-2017» комиссары, ҚР СІМ вице-министрі Рапиль Жошыбаев БАƏ, Сенегал, Сьера-Леоне, Габон елдерінің бас комиссарларымен бірқатар кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды. Көрменің халықаралық бюросының регламентіне сəйкес келісімде аталған елдердің қатысу шарттары жəне қос тараптың міндеттері жəне павильонды пайдалану талаптары белгіленді. Қазіргі таңда «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 8 елмен уағдаластыққа қол жеткізді. Астанада өтетін көрмеге 51 мемлекет, 11 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірсе, арнайы секциялардың 25 комиссары тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум