Миландағы Қазақстан павильонында 8 миллионнан астам адам болды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері Миланда өтіп жатқан ЭКСПО -2015 көрмесіндегі қазақстандық павильонды көргендер саны 8 миллионнан асты.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Олардың 9 мыңға жуығы жоғары лауазымдағылар. Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Монако князі Альбер II, Қытай Халық Республикасының вице-премьері Ван Янг, қазақстандық «Astana PRO Team» велокомандасы, сондай-ақ ЭКСПО-2015-ке қатысушы- елдер министрлері.

Рейтинг бойынша Қазақстан павильоны 54% дауыспен бірінші орында келеді «(материал әзірленіп жатқан уақытта 13999 дауыс).

2015 жылы 31 қазанда ЭКСПО-2015 көрмесі жұмысын аяқтайды. Тап сол күні ЭКСПО жалауын салтанатты жағдайда табыстау рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар