Министр Б.Камалиев бас мердігер «Синохайдро» басшылығының есебін тыңдады - ККМ

Компания «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру жұмыстарына қатысуда. Бас мердігер «Синохайдро» бүгінгі күнге жоспарланған 204 дана техниканың орнына 174 техника жұмылдырған. Жоспарлы 620 адамның орнына 603 адам тартылған. Оның ішінде жергілікті персонал 421 адам, ал шетелдіктер саны - 12 адам.
«Sinohydro Corportion Limited» компаниясының басшылары мен министрлік өкілдерінің ақпараттарын тыңдай келіп, Б.Камалиев мердігер ұйымның жұмыс жүргізу кестесінен қалып қоюшылыққа жол бергендігіне назарын аударды. Министр жұмыс жүргізу мерзімдерін қоса айта отырып, нақты тапсырмалар берді. «Sinohydro Corporation Limited» компаниясына жаңадан белгіленген жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес үжылғы жылғы 30 қарашаға дейін 15 км цемент-бетон жамылғысын төсеуге міндеттелді.