Министр Е. Досаев Азия даму банкі Басқарушы кеңесінің жылсайынғы мәжілісіне қатысады

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.
Дәстүрлі кездесуге министрлер, ресми тұлғалар, сонымен қатар іскер адамдар және Азия өңірінің саясатын қалыптастырушы халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
Мәжілістің күн тәртібінде келесі мәселелер сараланбақ:
-2012 жылғы АДБ қызметі туралы есепті қарау;
-2013 жылға арналған АДБ бюджетін бекіту;
-2013 жылға арналған АДБ қызметінің жұмыс жоспары.
АДБ мәжілісінің шеңберінде Азия даму банкі басшылығымен бірқатар екі жақты кездесулер мен іскерлік келіссөздер жоспарланған.
Бағдарламаның бөлек бөлімі Қазақстанның экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстыруға арналмақ. АДБ-ға мүше басқарушы елдер кеңесінің бірауыздан дауыс беруі арқылы Астана 2014 жылы 47-ші жылсайынғы мәжілісті өткізу орны болып таңдалды (2-3 мамыр).
Алдын-ала есептеулер бойынша, АДБ-ның «Азия мен Еуропаны біріктіретін - Жаңа жібек жолдары; Азия мен Еуропа ауыспалы әлемде» атты тақырыптағы Астана мәжілісінде шамамен 3 500-ден 5 000 адамға дейінгі қатысушылар саны жоспарлануда. Қазіргі кезде 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан үшін АДБ серіктестігінің жаңа стратегиясы жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығаюының айқын дәлелі. Және ол экономиканы әртараптандыруға, көлік, энергетика, қала құрылысы, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізді қайта құру» - АДБ-ның ірі жобаларының бірі. Бұл жоба «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық бөлігі жағынан қозғалыстың қарқындылығын айтарлықтай арттырады және сәйкесінше транзиттік жүктердің айналымы ұлғаяды, бұл Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджетінің кіріс бөлігін біршама өсіруге мүмкіндік береді.