Министр Kaspi bank-тегі арнайы операцияны «қойылым» дегендерге жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үшкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін елордадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі арнайы операцияны «қойылым» дегендерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қоғамда кешегі іске байланысты қойылым деген пікір айтылып жатыр. Бұл қойылым ба? Полицияның имиджін көтеру үшін жасалға акция дегендерге не айтасыз?», - деп сұрады БАҚ өкілі.

«Ондай әңгіме жоқ. Ол өтірік, жалған әңгіме. Иммиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады», - деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, ол күдіктінің бұған дейін қандай баптармен жауапқа тартылғанын айтты.

«Оның біреуі ұрлық, біреу алаяқтық», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар