Министрлер 2009-2011 жылдарға арналған бюджетке қатысты заңның орындалуы жөнінде депутаттар алдында есеп берді

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының іске асырылу барысы жөніндегі баяндамасын тыңдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша биылғы жылдың маусым айының 1-іне дейінгі республика бюджетіне займдардан түскен кіріс көлемі 1 триллион 75 миллиард теңгені құраған. Ал мемлекеттің шығыстары 1 триллион 71 миллард теңгеге жетіп отыр. Алдын ала 136 миллиардқа жоспарланған дефицит мөлшері 96 миллиард теңгемен шектелген. Ал осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың мәліметтері бойынша, елімізде «Жол картасы» стратегиясына байланысты барлық дайындық жұмыстары аяқталған. «Бұл бағытта депутаттардың қолдауымен бірнеше заң қабылданып, бюджеттен 140 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттарға жергілікті бюджеттен 51,3 миллиард теңге бөлінген. Қазір алдын ала жасалған тиісті келісімдерге орай және мамыр айына жасалған қаржыландыру жоспарына сәйкес, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға 14,6 миллиард теңге жіберілген», деді министр. Сондай-ақ оның деректері бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 3 324 миллион теңге, ал кадрларды қайта даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыруға 334 миллион теңге бөлінген.
Соңғы жаңалықтар