Минскіде «Бірге. Қазақстан мен Беларусь: байланыстардың жаңа көкжиегіне қарай» кітабының тұсаукесері болды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Минскідегі Әдебиетшілер үйінде Беларусь Жазушылар одағының төрағасы Николай Чергинецтің жалпы өңдеуімен шыққан «Бірге. Қазақстан мен Беларусь: байланыстардың жаңа көкжиегіне қарай» кітабының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды ҚР беларусь Республикасындағы елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараға Беларусьте тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, шығармашылық атқамінерлері, Беларусь мемлекеттік органдарының, ТМД Атқарушы комитеті мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Мастацкая литература» баспасы шығарған жинаққа БССР министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Вячеслав Кебичтің, КСРО ұшқыш-ғарышкері Петр Климуктың, композитор, КСРО халық әртісі Игорь Лученконың, ТМД бұрынғы атқарушы хатшысы Иван Коротченидің, Минск және Слуцкінің митрополиті, бүкіл Беларусьтің Экзарх Патриаршиі Филареттің, Беларусьте тұрып жатқан қазақ диаспорасы өкілдері мен Минскіде оқып жүрген қазақ студенттерінің мақалалары басылған.

Н.Чергинец бұл шығарманы шығару идеясы кездейсоқ емес екенін атап өтті. Өйткен қазақстандық және беларус халықтарының тарихы ортақ, оларды экономикалық және саяси мүдделері жақындастыра түседі. Екі ел басшыларының, сондай-ақ қарапайым адамдар арасындағы тығыз өзара қарым-қатынастар байланыстырады. Беларус Жазушылар одағының төрағасы кітап қазақстан және беларус халқының достығына арналғанын, оның беттерінде әртүрлі мамандық иелері - беларустар Қазақстан және оның көшбасысы Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде өз әсерлерімен бөліседі, деп атап өтті. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқының толық қолдауына ие бола отырып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөнінде дана саясат жүргізіп, қоғамды жаңартып, ішкі ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімді сақтап отыр», - деді ол. Оның айтуынша, Қазақстанның биылғы ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлануы елдің және оның басшысының әлемдік аренадағы жоғары беделін көрсетеді.

Өз кезегінде Қазақстанның Беларустағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов беларус достарға осы кітапты жарыққа шығарғандары үшін алғыс айтты. Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Беларус арасындағы қатынастардың сапалық жаңа деңгейге шығуы ең алдымен екі ел президенттерінің еңбегі екенін атап өтті.

Таныстырылымда Беларус ақпарат министрінің орынбасары Игорь Лаптенок, ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркун, Беларус Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нина Чайка сөз сөйледі, ал Беларус Жазушылар одағының Минск қалалық бөлімшесінің төрағасы өзінің «Қазақстан» атты өлеңін оқыды.

Соңғы жаңалықтар