Минскіде «Қазақстан - ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшысы» сурет көрмесі ашылды

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Минскідегі ТМД Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде тамыздың 29-ында аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы әрекет ету Халықаралық күніне арналған Қазақстан - ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшысы» сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Беларусьтегі ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетейік, 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары Қазақстанның тамыздың 29-ын Ядролық сынақтарға қарсы әрекет ету Халықаралық күні деп атау туралы ұсынысын қолдаған еді.

Қазақстан елшілігі ұйымдастырған іс-шара жұмысына ТМД Атқарушы комитететінің басшылығы, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар