Минскіде Мемлекет басшысының Беларус Президентімен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті

sp;АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларус Республикасына ресми сапары жалғасуда.
None
None

Сапардың екінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларус Президенті Александр Лукашенкомен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздері өтті, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

- Біздің елдеріміз арасында шешілмеген проблемалар жоқ. Осы жолғы сапар стратегиялық әріптестікті және екіжақты қатынастардың барлық кешенін дамыту үшін жақсы база жасайды, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Сізбен бірге жұмыс істеген осы он бес жылдың бәрінде біз жақсы қарым-қатынастарда болдық. Мен осы жылдарда Сізден көп нәрсені үйрендім. Сіздің кеңестеріңіздің әрқашан да маңызы зор, - деді Александр Лукашенко Қазақстан басшысына қарата айтқан сөзінде.

Екі тарап та Қазақстан мен Беларустың стратегиялық әріптестікті тереңдетуге, екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін толығырақ пайдалануға өзара мүдделілігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Беларус Президенті Александр Лукашенконы өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге және ағымдағы жылғы желтоқсанда Алматыда өткізілуі жоспарланып отырған мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырды.

Бұдан кейін екіжақты құжаттарға -  Қазақстан мен Беларус Президентінің бірлескен мәлімдемесіне, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретін бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев Минскідегі Жеңіс Монументіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан осғысының батырларын, Беларусты азат ету үшін ұрыстарда қаза болғандарды еске алды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ірі беларус кәсіпорындары - «БелАЗ және «Лидсельмаш» басшыларымен кездесті, онда Қазақстанмен олардың ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар