Минскіде сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде ведомоствоаралық консультациялар өтті

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Аманкелді Жұмабаев, беларустық тарапты - Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Игорь Петришенко басқарды. Тараптар екі елдің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығы, соның ішінде бұдан бұрын екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген келісушіліктердің орындалуының кең ауқымын, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және т.б., ТМД, ҰҚШҰ және БЭК шеңберіндегі әрекеттесу мәселелерін талқылады.
Ағымдағы жылғы Минскіге ең жоғары деңгейдегі ресми сапарға байланысты сұрақтарға дипломаттар ерекше көңіл бөлді.
А.Жұмабаев беларустық әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырып өтті.
Консультациялар аяқталған соң қазақстандық делегацияның басшысын Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Мартынов қабылдады.