10:54, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Минскіде ТМД тұрақты өкілдерінің отырысы өтті
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Атқарушы комитеттің төрағасы, ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығына 20 жыл толуына байланысты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Өтініш жобасы туралы мәселе болды.
Құжатты дайындау бойынша жұмысты жалғастырып, оны бекітілген тәртіп бойынша 2011 жылдың желтоқсанында өтетін мерейтойлық саммитте мемлекет басшыларына ұсыну шешімі қабылданды.