Минскіде Тұрақты өкілдер кеңесінің кезекті отырысы өтеді - ТМД
Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Отырыста ең алдымен ТМД елдерінің Келісілген көші-қон саясаты туралы декларациясында көрсетілген қағидаларды жүзеге асыруға бағытталған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарын жүзеге асырудың барысын талқылау жоспарланып отыр.
Тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері сондай-ақ 2011 жылы 8 сәуірде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі мәжілісінің қорытындысын қарайды және қабылданған құжаттар бойынша Тұрақты өкілдер кеңесі мен ТМД Атқарушы комитетінің міндеттерін анықтайды. Естеріңізге сала кетейік, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында 15 құжат қабылданып, оның 9-ы Үкімет басшылары кеңесі мен Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына енгізілетін болған.