ММУ ғалымдары Павлодарда дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарға арналған авторлық семинар өткізеді

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Қазанның 4-інде Павлодарда «Балалардың дарындылығын дамыту - мемлекеттің келешек зияткерлік элитасын қалыптастырудың шарты ретінде» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.
None
None

Осы конференцияның аясында екікүндік авторлық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.

Психологтардың орталықазиялық қауымдастығының төрағасы және «Психолог сандығы» оқу-әдістемелік құралының авторы, ғылым докторы, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің өзбек филиалының профессоры Рано Суннатова павлодарлық педагогтармен семинар өткізеді.

Ал «Дарынды балалар: оларды анықтау, оқыту және дамыту» жұмысының авторы, психология ғылымдарының кандидаты, ММУ Жас психолог мектебінің директоры Юлия Бабаева мұғалімдермен тәжірибе бөліседі.

Семинарға қатысушылар халықаралық санаттағы сертификаттар алады.

Соңғы жаңалықтар