Мончегорскіде өтіп жатқан финалдық сайыстарда Оралдың «Ақжайығы» алғашқы ойынында ұтылып қалды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Наурыздың 3-інде Мончегорскіде допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лига командалары арасында финалдық сайыстар басталған болатын,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдың «Ақжайығы» алғашқы кездесуінде Абаканның «Саяны-Хакасия» командасымен күш сынасты. Бірінші таймда абакандықтар екі доп соғып, алға шықты. Екінші кезеңде оралдықтардан Алексей Фошин айып добын дәл түсіріп, есепті қысқартқанымен, «Ақжайықтың» одан әріге шамасы жетпеді.

«Ақжайық» бүгін өзінің сыралғы қарсыласы Саратовтың «Универсалымен» шеберлік байқасады.

Екі айналымнан тұратын финалдық сайыстар наурыздың 9-ында мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар