Моноқалаларды дамыту аясында Кентаудың абаттандырылуына 241 млн. теңге бөлінді

ШЫМКЕНТ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Кентаудың дамуының бірінші кезеңіне - қаланы аббаттандыруға, көгалдандыруға, жолдардың жөндеу жұмыстары мен балалар алаңын орналастыруға  241 млн. теңге бөлінді. 
None
None

Айта кетейік, Кентау - Оңтүстік Қазақстандағы моноқалаларды кешенді дамытудың бағдарламасына енген жалғыз қала.

Кентау бірнеше бағытта дамитын болады.

Қаланың экономикасын дамыту аясында Кентаудың маңында орналасқан пайдалы қазбалы кен орындарын анықтау жоспарлануда. Әлеуеттілердің ішінде 4 кен орын - «Аңсай», «Қызылата» мыс кеніші, рудасыз материалдардың Сарыбас кен орны және гипс пен ангидрит өндіретін Шерт кен орны кірді.  Сондай-ақ Кентаудың аумағында индустриялық аймақ құрылмақ, бұл мақсаттарға 41,7 гектар аумақта учаске бөлінді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум