Монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Бәсекелестіктің жоғары деңгейі мен басым жеке сектор - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) дамыған елдерінің экономикалық жетістіктерінің негізі. Yellow Pages Rules қағидаттарына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыра алатын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілетін болады. Үкімет қарауына 22 желтоқсанда енгізуге дайынбыз», - деп тоқталды министр. Мұнымен қоса, Е.Досаев бәсекелестік пен жеке капиталды дамытуды ынталандыру үшін 2016 жылғы наурызда монополияға қарсы ведомствоның мәртебесі мен оның жұмыс тәртібін айқын регламенттей отырып, монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы әзірленетінін атап өтті. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі жойылатын болады. Атап айтқанда, 2016-2017 жылдары табиғи монополиялардың базалық субъектілері шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмысқа көшірілетін болады.

Соңғы жаңалықтар