Мойнақ ГЭС-інің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компания нысан құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауды көздейді- Лу Гоцзюнь

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Мойнақ ГЭС-інің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компания нысан құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауды көздейді. Бұл туралы еліміздегі ең ірі су электр стансысының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер- Қытайдың Халықаралық су шаруашылығы және энергетика корпорациясының бас директоры Лу Гоцзюнь айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз Қазақстандағы ең ірі жобалардың біріне қатысып жатқандығымызды мақтан тұтамыз. «Мойнақ» ГЭС-і шын мәнінде ең ерекше, ең ірі жобалардың бірі. Бұл нысанның құрылысы аяқталса, Қазақстанға үлкен мүмкіндіктер береді.Сондықтан біз мердігер компания ретінде осы ең ерекше жоба құрылысын мерзімінен ерте аяқтауға тырысамыз» деді Лу Гоцзюнь. Оның айтуынша, компания құрылыстың ең негізгі кезеңдерінің бірі 9,2 шақырымдық деривациялық тоннельдің құрылысын мерзімінен 2 ай бұрын аяқтаған. «Алда нысан құрылысының 40 пайызы қалды. Бұл жұмысты да осы қарқынмен жылдам, әрі сапалы жүзеге асыруды көздейміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар