Мүгедектердің мүмкіндігін кеңейтетін заң жобасы әзірленуде

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда мүгедектердің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған заң жобасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес отырысы барысында мәлім болды.
None
None

 «Өкінішке орай, мүгедек жандардың мәселесі ешқашан күн тәртібіне түскен емес. Оларға барынша көмек көрсету барлығымыздың міндетіміз. Әсіресе, біздер - депутаттар, оларға заңдық тұрғыдан үлкен жағдай жасауымыз керек», - деді жиынды ашып сөз сөйлеген кеңес төрайымы Айткүл Самақова.

Өз кезегінде депутаттар алдында баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов бүгінгі күні Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Оның ішінде министрлік мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау және бейімдеудің заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Жұмыс үш бағытта жүруде. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі адамдар құқығын кеңейту аясында заңнамаға сараптама жасалады. Екіншіден, қоғамдық қатынастардың барлық салаларына қатысулары үшін мүгедектерге шектеусіз мүмкіндіктер құрылады. Үшінші бағыт - мүмкіндігі шектеулі адамдарды ақпараттандыру және оларды ынталандыру», - деді министр.

Оның айтуынша, бірінші бағыт бойынша заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, 32 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасалған. Ал заң жобасы бойынша 25 нормативтік-құқықтық актінің 85 бабына өзгерістер енгізу көзделеді.

Соңғы жаңалықтар