Мұхамбет Көпеев Меккеде Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдалла бен Абдель Мохсен ат-Түркимен кездесті

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігіне Қазақстан делегациясын бастап барған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Меккеде Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы  Абдалла бен Абдель Мохсен ат-Түркимен кездесті.
None
None

М.Көпеев үстіміздегі жылғы шілдеде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезіне қатысқаны үшін ДИЛ Бас хатшысына Қазақстан басшылығының атынан алғыс айтты.

Президент Н.Назарбаевтың конфессияаралық, өркениетаралық және мәдениетаралық келісімді нығайтуға бағытталған бастамалары мұсылман әлеміндегі осынау беделді ұйым тарапынан қолдау табуы мен танылуының маңызды екенін атап өте келіп, төраға орынбасары осы заманғы мәселелерді шешуде үнқатысу тетіктерін одан әрі дамытудың қажеттілігін атап өтті.

Осыған байланысты М.Көпеев 2010 жылды «Мәдениет пен діндердің халықаралық жақындасу жылы» деп атау туралы Қазақстанның ұсынысын еске салды.

Абдалла ат-Түрки Астанада өткен шаралардың «алуан конфессиялар мен мәдениеттерді ілгерілетушілердің қазіргі замандағы өзекті мәселелерін талқылау үшін ең сенімді тұғырнамасы болып табылатын» ІІІ Съездің жұмысын жоғары бағалады.

Бас хатшы Ұйым басшылығы кезекті Съездің шақырылуын одан әрі қолдайтынын айтты, оны үстіміздегі жылғы желтоқсанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының 9 отырысына ұйым өкілдерінің қатысатыны туралы шешім дәлелдеп отыр.

         Абдалла ат-Түрки 2010 жылды «Мәдениет пен діндердің халықаралық жақындасу жылы» деп атау туралы Қазақстанның ұсынысын жүзеге асыру аясында Астанада мүфтилер мен ТМД елдерінің беделді діни қайраткерлерінің қатысуымен халықаралық мәслихат өткізуді ұсынды.

Кездесуге Сауд Арабиясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Қ.Лама Шариф қатысты.

Соңғы жаңалықтар