Мұхтар Әуезов атындағы театр Ақмола облысындағы гастрольдік сапарын аяқтады

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетауда Шахмет Хұсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаевтың режиссерлігімен қойылған «Абай» трагедиясымен Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының гастрольдік сапары аяқталды.
None
None

Апта бойы көкшелік көрермендер еліміздің бас театры тарландарының өнерін көріп, шеберлігіне тәнті болды. Оңтүстік астанамыздан келген сахна майталмандары ақмолалықтар назарына Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясын, Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасы» мюзиклын, Ғабит Мүсіреповтың «Махаббат дастаны» трагедиясын, Дулат Исабековтың «Актриса» драмасын, барлығы алты спектакльді ұсынған болатын. Соңғы кездесуде сахна төріне көтерілген облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров жерлестерінің бір апта бойы үлкен театр мерекесінің куәсі болғандығын ризашылықпен жеткізіп, алдағы күнде сағынышпен жүздесіп отыруға шақырды. Облыс әкімі атынан гүл шоқтары мен алғыс хатын табыстады. Театр труппасы сахналық қойылымдар арасында Абай Мырзахметов атындағы университетте, театр сахнасында, Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел ауылында жұртшылықпен жүздесіп, пікір алмасты. Актерлер елдің пікірін, өздерінің еңбектеріне берген жұртшылық бағасын естісе, көпшілік қауым сахна шеберлерімен бетпе-беп жүздесті.

Соңғы жаңалықтар