Мүлікті заңдастыру бойынша жалпы сомасы 83,8 млрд. теңгеге 9751 өтініш түсті - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 19 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР территориясындағы мүлікті заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 83,8 млрд. теңгеге мүлікті заңдастыруға 9751 өтініш түскен, деп хабарлады Қаржы министрлігінен.
None
None

«Нақтырақ айтқанда, 65,1 млрд. теңгеге 7 644 тұрғын үй нысаны, 18,4 млрд. теңгеге 4849 тұрғын үйге жатпайтын нысан, сонымен бірге 9,6 млрд. теңгеге 856 коммерциялық нысан, 0,7 млрд. теңге сомасына заңды тұлғаларға қатысудың 13 үлесі, 0,8 млрд. теңге сомасына бағалы қағаздар, 13,5 млрд. теңгеге 2315 нысан заңдастырылды», делінген хабарламада.

ҚР аумағынан тыс мүлікті заңдастыруға 2014 жылдың 19 қарашадағы жағдайы бойынша салық органдарына өтініштер түскен жоқ.

Мүлікті заңдастыруға түскен өтініштер бойынша көш басында Алматы облысы мен Алматы қаласы (сәйкесінше 3057 және 2235). Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орында Ақтөбе облысы тұр (991 өтініш). Азаматтардың белсенділігі бойынша соңғы орынға Батыс Қазақстан облысы түсті: мұнда заңдастыруға түскен өтініштердің саны барлығы 67-ні құрады. ҚР ХБ-нің есеп беру мәліметтері бойынша, екінші деңгейлі банктермен 2014 жылдың 18 қарашасындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 4,6 млрд. теңге болатын ақшаны заңдастыруға 22 жинақтаушы есеп ашылған. Олардың ішінен жинақтаушы есептерден 2,7 млрд. теңге алынған. Ақшаны заңдастырғаны үшін жинақтан бюджетке 293,8 млн. теңге төленді. ҚР экономикасына 39,5 млн. теңге инвестицияланды. Аймақтар бойынша, мүлікті заңдастыруға берілген өтініштердің саны: Ақмола облысы - 185, Ақтөбе облысы - 991, Алматы облысы - 3057, Атырау облысы - 189, ШҚО - 240, Жамбыл облысы - 489, БҚО - 67, Қарағанды облысы - 294, Қызылорда облысы - 128, Қостанай облысы -473, Маңғыстау облысы - 133, Павлодар облысы -156, СҚО - 228, ОҚО - 213, Алматы қаласы -2235, Астана - қаласы 673.

Соңғы жаңалықтар