Мүмкіндігі шектеулі әйел-кәсіпкерлер бизнестеріне қажетті сыйлықтар алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында Халықаралық әйелдер күніне орай мүмкіндігі шектеулі әйел-кәсіпкерлерге сыйлықтар тарту етілді.
None
None

Алты әйел «Даму-Көмек» бағдарламасының арқасында әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алды. Өйткені, олардың өз алдарына қойған мақсаттары - кәсіптерін аяққа тұрғызу, тұрақты табыс табу және қоғамдық өмірге толық және тең дәрежеде бейімделу. Үйінен киім тігетін Жанат Жүнісова, Сәуле Сәменова, Роза Жадаева, Жанат Ибрашева және Бибіхадиша Жағыпарова болашақ кәсіптеріне қажет тігін машиналарын сыйлыққа алды. Компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын Индира Жүсіповаға ноутбук сыйға тартылды.

Соңғы жаңалықтар