09:46, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы 86 доллар/баррельден асты
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат -Сәуірдің 5-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы едәуір қымбаттады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 1,87 долларға қымбаттап, 85,88 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін 1,75 долларға қымбаттап, 86,62 доллар/баррелді құрады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл баға соңғы 18 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Естеріңізге сала кетейік, мұнай бағасының тарихи максимумы 2008 жылдың жазында орнатылып, баррель бағасы 150 долларға дерлік жеткен болатын.
Сарапшылар мұнай бағасының қымбаттауын АҚШ-тың еңбек нарығындағы оң үрдістермен байланыстырып отыр.