20:08, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Мұнай компаниясы Жаңа жыл қарсаңында үш ауданда қайырымдылық акциясын өткізді - Қызылорда облысы
ЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы аумағындағы «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» мұнай компаниясының өкілдері аймақтағы Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарында қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты ос аудандардағы қарастығы аз отбасыларының барлығына азық-түлік тауарлары жиынтықтарын таратып беру болды. «Мұнай компаниясының біздің аудан тұрғындары үшін жасаған қайырымдылық көмегі дер кезінде келген қажетті қолдау болды, - дейді Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қаншагүл Мұстафаева. - Біз аудан тұрғындарының мұқтаждықтарына қарасқаны үшін «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамына алғысымызды білдіреміз». «Мен және менің отбасым үшін бұл өте қажетті азық-түлік болып табылады. Сол үшін де компания басшыларына алғысым шексіз. Бұл Жаңа жыл қарсаңындағы үлкен сый болды», - деп ағынан жарылды Қармақшы ауданының тұрғыны Үміткүл Сариева.