Мұнай құйылған цистернаның аударылу себептерінің бірі - қапталдан соққан қатты жел

АТЫРАУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 3.06-да Атырау облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуіне және жеті цистернаның аударылуына қапталдан соққан қатты жел себепші болуы мүмкін.
None
None

Бұл жөнінде теміржол апаты себептеріне алдын ала зерттеу жүргізгеннен кейін Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың пікірінше, жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен жел үш жеңіл бос цистернаны аударып тастап, жолдан шығарып жіберген. Олар тоқтап тұрған №2204 жүк құрамының артқы бөлігімен соқтығысқан. Онда мұнай құйылған 69 цистерна болған. Мұнай құйылған 4 цистерна аударылып, олардың екеуі өртенген. Өрт  жергілікті уақыт бойынша сағат 7.48-де сөндірілді. Қазір Мақат стансысы арқылы өтетін құрамдардың қозғалысы қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар