Мұнайлы ауданынан шешесі туа сала тастап кеткен сәби табылды - Маңғыстау облысы

АҚТАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданынан шешесі  туа салысымен тастап кеткен сәби табылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Нәрестені Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен елді мекенінің тұрғыны Ақмарал Елешова тауып алған.

 «Орамалға оралып жатыр екен. Кіндігі де байланбапты. Тоңып қалған бала. Үйге алып кіріп, үстіндегісін ауыстырып, жан-жақтан көмек келгенше қарап тұрдық»,  дейді А.Елешова.

 Тастанды сәби шұғыл облыстық перзентханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді.

 Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бірқалыпты.

 Алайда, олар туа сала денесі тоңазып қалған сәбидің болашағына алаңдап отыр.

«Сәбиді алып келгенде денесінің  қызуы 34 градус болды. Бала қатты  тоңып қалған»,  дейді облыстық перзентхананың жас нәрестелерді жетілдіру бөлімінің меңгерушісі Алтынай Өтемісова.

 Ата-тегі белгісіз нәресте перзентхананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар