Мұсабек Әлімбеков ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметінен босатылды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мұсабек Әлімбеков ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметінен босатылды.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев палата депутатарына Мұсабек Әлімбековты ҚР Жоғарғы Сотының төрағысы қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. «Сенаттың қарауына Мұсабек Әлімбековты ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы қызметінен босату туралы мәселені енгіземін. Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметтерінен босату туралы кеше сіздер қабылдаған шешімнен кейін ол (Мұсабек Әлімбеков-ред). маған өтініш (қызметінне босату туралы-ред.) өтініш берді», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы М. Әлімбековтың жеке өз басына кінә тақпайтындығын, оның таза әрі дұрыс қызмет істей алатын кәсібилігін атап өтті. Сенат депутатары Мемлекет басшысының ұсынысын қолдады. Осы орайда Мұсабек Әлімбеков ҚР Жоғары Сотының судьясы қызметі сақтала отырып, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Мұсабек Әлімбеков ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы болып 2009 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 14 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Мемлекет басшысының атына жасаған ұсынысы бойынша ҚР Жоғарғы сотының бірқатар судьялары қызметтерінен босатылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мынаны хабарлауға рұқсат етіңіздер. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Президентінің атына бірқатар судьяларды ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Олар: Алмаз Тәшенова, Мақсат Әбілқайыр, Мәрзия Балтабай, Сайлаубек Жәкішев, Бақытжан Жақыпов, Марклен Қамназаров», - деді Сенат депутаттары алдында Мемлекет басшысының өкілдігі бойынша сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин.

Содан кейін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров сөз сөйлеп, жоғарыда аталған судьялардың сыбайлас жемқорлық қылмысқа барғандығы туралы фактілерді жария етті. Талқылаудан кейін сенаторлар аттары аталған судьяларды қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум